Алтын допқа қосымша. Дембеле ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды
Қыркүйекте ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле Алтын доптың иегері атанса, желтоқсанда ол ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағын да иеленді.
Алтын доп иегеріне ПСЖ-ның үш әріптесі – Ашраф Хакими, Нуну Мендеш және Витинья бәсекелес болды. Сондай-ақ «Барселонадан» үміткерлер – Педри, Рафинья және Ламин Ямаль да бақ сынады.
Басқа клубтардан, атап айтқанда «Бавария», «Реал» және «Ливерпуль» бұл номинацияда бір-бір ойыншыдан ұсынылды: Хари Кейн, Килиан Мбаппе және Мохамед Салах сәйкесінше.
Дауыс беруге барлық ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандары, журналистер және жанкүйерлер қатысты. Әр санаттың дауысы 25% салмаққа ие болды, соңында барлық дауыстар біріктіріліп, әр номинациядағы жеңімпаз солай анықталды.
Бұған дейін ПСЖ-дағы Дембеленің бапкері Луис Энрике ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік бапкері атанған болатын.