locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФИФА араласты: «Пачука» ойыншысы «Реал» қорғаушысын қорлады деп айыпталуда

Аргентиналық қорғаушы Густаво Кабраль мадридтік «Реал» ойыншысына тіл тигізгені үшін жазалануы мүмкін
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФИФА араласты: «Пачука» ойыншысы «Реал» қорғаушысын қорлады деп айыпталуда
ФОТО: Getty Images

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Мексиканың «Пачука» командасының қорғаушысы Густаво Кабральға қатысты тәртіптік іс қозғады.

Бұл шешім Клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матч кезінде орын алған жағдайға байланысты қабылданды. Атап айтқанда, оқиға мадридтік «Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигермен байланысты.

Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, ФИФА өкілі ойын туралы ресми есептерді саралағаннан кейін тәртіптік комитет аргентиналық футболшыға қатысты тергеу жүргізуді бастағанын растаған.

Оқиға «Пачука» мен «Реал» арасындағы матчтың соңына таман болды. Антонио Рюдигер төрешіге жүгініп, Кабральдың өзіне тіл тигізгенін хабарлаған. Осыдан кейін ойын уақытша тоқтатылған. Айта кетейік, бұл кездесуде испаниялық команда 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie