locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатына сатылған билеттер саны туралы есеп берді

Билет қымбат болса да, сұраныс өте жоғары
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатына сатылған билеттер саны туралы есеп берді
ФОТО: Getty Images

Жақында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарына билеттер сатыла бастады. Билеттер бағасы шарықтап тұрғанына қарамастан, оларға деген сұраныс әлі де өте жоғары.

Associated Press агенттігі ФИФА-ға сілтеме жасай отырып хабарлағандай, 16 қазанға дейін сатылған билеттердің саны бір миллионнан асып кеткен. Ең көп билет сатып алған елдердің қатарында Англия, Германия, Бразилия, Испания, Колумбия, Аргентина және Франция сынды футбол державалары бар.

«Әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық құрамалар тарихи әлем чемпионатына жолдама алу үшін таласып жатқанда, осындай көп жанкүйердің бұл айтулы оқиғаның бір бөлігі болғысы келетіні мені қатты қуантады. Бұл – таңғаларлық қолдау және әлем тарихындағы ең ауқымды әрі инклюзивті чемпионат жанкүйерлердің қиялын баурап алғанының тамаша дәлелі», – деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie