locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бағалар жан түршіктіреді: 2026 жылғы әлем чемпионатына билет қанша тұрады?

FIFA бағаны қалай қалыптастыратынын жариялады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бағалар жан түршіктіреді: 2026 жылғы әлем чемпионатына билет қанша тұрады?
ФОТО: Getty images

ФИФА 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты билеттерінің бағасын анықтау жүйесін ресми түрде таныстырды. Бұл туралы The Athletic хабарлайды. Әлі басталмай жатып-ақ турнир үлкен талқылауларға арқау болды – себебі басты жаңалықтың бірі – динамикалық баға жүйесі. Енді билет құны сұраныс пен қалған орындардың санына тікелей байланысты болады: қызығушылық артқан сайын баға да шарықтай түседі.

Алдын ала мәліметке сәйкес, топтық кезеңдегі ең арзан билет шамамен 60 долларды (шамамен 28 мың теңге) құрайды. Ал финалға бару үшін көрермендерге қалтасынан қомақты қаржы шығаруға тура келеді – билеттер құны 6 730 долларға дейін (шамамен 3,1 млн теңге) жетуі мүмкін. FIFA өкілдерінің айтуынша, жеребе тартылғаннан кейін бұл сандар тағы да өзгеруі ықтимал.

Әлем чемпионаты-2026 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл – тарихтағы алғашқы біріншілік, онда бірден 48 ұлттық құрама бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі әлем чемпионы – Аргентина. Олар 2022 жылы Катардағы финалда Францияны пенальти сериясында жеңіп, алтын жүлдені иеленген болатын.

Қазақстан үшін бұл мундиаль – айрықша мақсат. Ұлттық құрамамыз іріктеу кезеңін жалғастырып жатыр және 4 қыркүйек күні Астанада Уэльс құрамасын қабылдайды. Бұл кездесу біздің құрама үшін шешуші сынақтардың бірі болмақ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie