Фарер аралдары – Қазақстан. 18 қараша. Бірінші таймда 1:0
18 қарашада Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Фарер аралдары командасынан бірінші таймда гол жіберіп алды.
28-минутта есеп 1:0 Фарер аралдарының пайдасында. Қақпаға бағытталған соққы ма, пас па – белгісіз, бірақ Кнудсен Малыйды озып, аяғын хоккей таяғындай қойып үлгерді. Доп Кнудсеннің аяғынан қақпаның алыс бұрышына қарай ұшып, қақпашы Шайзаданы абдыратып кетті — 1:0.
Қазір ойын аралдықтардың аздаған басымдығымен өтіп жатыр – олар тек есепте ғана емес, кейбір статистикалық көрсеткіштерде де біздің құрамадан озуда. Мәселен, бұрыштамалар бойынша есеп – 5:0.
Матч Астана уақытымен 22:00-де басталды және Хорватияның Пула қаласында өтіп жатыр.
Бұған дейін ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін аяқтап, сегіз ұпай жинады — оның бесеуі соңғы үш матчта Талғат Байсуфиновтың басшылығымен еншіленді. Іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы сан жағынан кем болып тұрып, Бельгиядан ұпай тартып алды және өз жеңіліссіз сериясын жалғастырды.
Жолдастық кездесу
Фарер аралдары – Қазақстан – 1:0
Гол: Кнудсен, 25