locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хаби Алонсо: Жеңістер, титулдар және «Байермен» қоштасу

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Хаби Алонсо: Жеңістер, титулдар және «Байермен» қоштасу
ФОТО: Getty Images

Леверкузендік «Байердің» бас бапкері Хаби Алонсо үш табысты маусымнан кейін маусым аяқталған соң клубтан кететінін ресми түрде мәлімдеді.

Клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында испандық маман Германиядағы жұмысына қорытынды жасап, команданың жетістіктері үшін алғыс білдірді.

- «Бұл ерекше жолдың бір бөлшегі болған барлық жанға алғысымды білдіремін. Біз бірге биік белестерді бағындырдық, соның ішінде Берлиндегі Германия кубогының финалындағы жеңіс те бар. Ортақ еңбегіміз үшін мақтанамын. «Байердің» болашағы жарқын деп сенемін. Клуб дамуын жалғастырады, ал мен оның жетістіктерін қызығушылықпен бақылайтын боламын», - деді Алонсо.

9 мамырда Алонсоның маусымның соңында клубпен қоштасатыны белгілі болды. Ол «Байерді» тағы екі ойында - дортмундтық «Боруссияға» қарсы (11 мамыр) және «Майнцпен» (17 мамыр) алаңға бастап шығады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie