Еуропаға оралу болмай ма? Неймардың жоспарлары күрт өзгерді
Жұлдызды бразилиялық «Сантоспен» жаңа келісімшартқа қол қоюға дайын
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Жұлдызды бразилиялық Неймардың болашаққа деген жоспарлары күрт өзгерген секілді.
Беделді AS басылымының мәліметінше, «Сантос» клубының 33 жастағы вингері қазіргі командасымен жаңа келісімшартқа қол қоюға дайын, Еуропа футболына қайта оралуы туралы қауесеттерге қарамастан.
Хабарланғандай, Неймар мен «Сантос» арасындағы жаңа келісімшарт қысқа мерзімді болмақ. Бірақ осының өзінде, біз оны Еуропада қайта көруіміз екіталай.
Бұған дейін Неймардың өзі 2026 жылғы әлем чемпионатында Бразилия құрамасына іріктелу мүмкіндігін арттыру үшін Еуропаның элиталық лигасында қайта ойнағысы келетінін айтқан еді.
Көбіне, бразилиялықты Италияның А Сериясына барады деп болжаған болатын.