locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Неймар әлем чемпионатында ойнағысы келеді. Қыста бразилиялық Еуропаға қайта оралуы мүмкін

Жұлдызды ойыншы Серия А-ға ауысуды қарастыруда
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Неймар әлем чемпионатында ойнағысы келеді. Қыста бразилиялық Еуропаға қайта оралуы мүмкін
ФОТО: Getty Images

«Сантос» клубының жұлдызды шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатында ойнағысы келеді. Осы мақсатта бразилиялық футболшы Еуропаға қайта оралуды жоспарлап отыр.

SportMediaset деректеріне сәйкес, 33 жастағы Неймар жақын арада Еуропаның жетекші лигаларының біріне қайта оралуы мүмкін.

Футболшы өкілдері қазірдің өзінде Италияның «Интер» мен «Наполи» клубтарының басшыларымен байланысқа шыққан. Бұл командалар Неймар Еуропаға келсе, басты фавориттер саналады.

Серия А-ның үздік клубтарымен келіссөздер жаздан бері жалғасып келеді.

Неймар «Сантос» сапында 2025 жылдың басынан бері ойнап келеді. Туған клубында ол 21 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Оның қазіргі келісімшарты осы жылдың желтоқсан айының соңында аяқталады.

Айта кетейік, бұған дейін «Реал Мадридтің» Эрлинг Холандпен байланысқа шыққаны хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie