Ешқандай мүмкіндік бермеді: Англия Уэльс құрамасын ойсырата жеңді
Лондонда өткен жолдастық кездесуде Англия мен Уэльс құрамалары күш сынасты. Бұл ойында ағылшындар басымдық танытып, сенімді жеңіске жетті – 3:0.
Томас Тухель шәкірттері кездесуді қарқынды бастап, алғашқы минуттардан-ақ жеңісті өз қолына алды. 3-минутта Маркус Роджерс есеп ашты, 11-минутта Оли Уоткинс артықшылықты еселеді, ал 20-минутта Букайо Сака есепті ірі етті – 3:0.
Кездесу толықтай Англияның бақылауында өтті. Қонақтар қорғаныста ғана ойнап, қауіпті сәттер жасай алмады.
Жолдастық матч
Англия – Уэльс – 3:0
Голдар: Роджерс, 3 (1:0). Уоткинс, 11 (2:0). Сака, 20 (3:0).
Бұл ойында ерекше көзге түскен Букайо Сака болды. Оның соққан добы ұлттық құрамадағы 13-голы болып тіркелді. Осылайша ол Англия тарихында «Арсенал» ойыншылары арасындағы ең нәтижелі футболшы атанды.
Келесі кездесуін Англия құрамасы 14 қазанда әлем чемпионаты–2026 іріктеу кезеңі аясында Латвияға қарсы өткізеді.