«Ертіс» төмен сырғыды, «Каспий» көшбасын нығайтты: Бірінші лиганың 9-турынан кейінгі турнирлік кестесі
2025 жылдың 13 маусымында Қазақстан Бірінші лигасының 9-тур ойындары аяқталып, турнирлік кестедегі жағдай тіпті шиеленісе түсті. Көшбасшылық үшін тартыс қыза түсіп, әр матчтың маңызы арта бастады.
Турдың басты ойыны Павлодарда өтті – «Ертіс» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдады. Қонақтар сенімді ойын көрсетіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, «Каспий» 24 ұпай жинап, турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Бұл – ақтаулықтардың тоғыз турдағы сегізінші жеңісі. Команда ел чемпионаты – Премьер-лигаға тікелей жолдамаға басты үміткер саналады.
Қарағандылық «Шахтер» де үздік үштікке нық енді. Команда өз алаңында «AKAS»-ты 4:2 есебімен тізе бүктіріп, ұпай санын 20-ға жеткізді. Айта кету керек, «кеншілердің» доп айырмасы да айтарлықтай – 21:12.
Ал жкңіліске ұшыраған «Ертіс» 18 ұпаймен төртінші орынға сырғып түсті. Семейлік клуб «Алтайдан» қосымша көрсеткіштер бойынша төмен тұр.
Тоғыз турдан кейінгі турнирлік кестеде көшті «Каспий» бастап келеді – 24 ұпай. Одан кейін 20 ұпаймен «Шахтер» мен «Алтай» орналасқан. «Ертіс» 18 ұпаймен төртінші орында, ал үздік бестікке 13 ұпай жинаған «AKAS» ілігіп тұр.
Кестенің төменгі жағында жағдай күрделі. «Ақтөбе Жастар», «Түркістан» және «Екібастұз» клубтары әзірге 3 ұпайдан ғана еншілеп отыр. Ең әлсіз доп айырмасы – «Түркістанда»: 6 гол соғып, 21 доп жіберіп алған.
