locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бірінші лига көшбасшыларының текетіресінде «Каспий» «Ертісті» тізе бүктірді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бірінші лига көшбасшыларының текетіресінде «Каспий» «Ертісті» тізе бүктірді
ФОТО: birinshiliga

13 маусым күні Павлодарда Қазақстан Бірінші лигасының 9-турындағы орталық кездесу өтті. Елдің бес дүркін чемпионы «Ертіс» өз алаңында қарқынын күшейткен «Каспийді» қабылдады. Екі команда да турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде келе жатқандықтан, матчтың маңыздылығы ерекше болды.

Ақтаулық команда бұл ойында сенімді жеңіске жетті - 2:0. Бірінші таймда есепті Мирас Тұрлыбек ашса, екінші бөлікте Жақып Қожамберді нәтижені еселей түсті.

Қазақстан Бірінші лигасы. 9-тур

«Ертіс» – «Каспий» – 0:2 (0:1)

Голдар: Тұрлыбек, 33, Қожамберді, 63.

Бұл жеңіліс «Ертісті» турнирлік кестеде төртінші орынға ысырып тастады. Қазіргі таңда павлодарлықтардың еншісінде 9 турдан кейін 18 ұпай. Ал «Каспий» 24 ұпаймен көш басына шығып, Премьер-лигаға оралуға ниетті екенін айқын аңғартты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie