Енді сэр. Дэвид Бекхэм рыцарь атағына ие болды
Дэвид Бекхэм 1990-2000 жылдардың ең аңызға айналған футболшыларының бірі саналады. Кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін, жұлдызды «Бекс» қайырымдылықпен айналыса бастады, бұл оның корольдік отбасының назарынан тыс қалған жоқ.
4 қарашада Бекхэм король Карл III-нің қолынан рыцарь атағын алды, енді ол — сэр Дэвид Бекхэм. Букингем сарайының хабарламасында бұрынғы ойыншы бұл атақты спорттағы және қайырымдылықтағы жетістіктері үшін алғаны айтылған.
«Мен бұдан артық мақтана алмас едім. Барлығы менің қаншалықты патриот екенімді біледі — мен елімді жақсы көремін. Мен әрдайым монархияның менің отбасым үшін қаншалықты маңызды екенін айтып жүремін. Маған бүкіл әлемді шарлап шығу бақыты бұйырды, қайда барсам да адамдар менімен біздің монархия туралы сөйлескісі келеді. Бұл мені мақтан тұтуға мәжбүрлейді», – деді Бекхэм BBC Sport-қа берген сұхбатында.
2024 жылдың соңында рыцарь атағын Англия құрамасының бұрынғы бас бапкері Гарет Саутгейт те иеленген болатын.