locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Гарет Саутгейт ағылшын футболына қосқан үлесі үшін сэр атағын алды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Гарет Саутгейт ағылшын футболына қосқан үлесі үшін сэр атағын алды
ФОТО: Getty images

Ағылшын құрамасының бұрынғы бас бапкері Гарет Саутгейт “Сэр” атағына ие болды.

Оның есімі патша Карлдың жаңа жылдық марапаттар тізіміне енді. Бұл тізімге саяси, спорттық, мәдени және қоғамдық салаларда ерекше жетістіктерге жеткен 1200-ден астам адам кірген. Марапаттар Британ империясы орденінің мүшесі, командоры немесе офицері дәрежесінен бастап, рыцарь және ханым атақтарына дейін беріледі.

Гарет Саутгейт Англия құрамасын сегіз жыл бойы басқарды. Еуро-2024 турнирінде ағылшындар екінші орын алған соң, ол қызметінен кетті. Саутгейттің жетекшілігімен Англия құрамасы елеулі жетістіктерге қол жеткізді: 2018 жылы Ресейде өткен Әлем чемпионатында 4-орынды иеленді және екі мәрте Еуропа чемпионатының финалына шықты — алғаш рет 2021 жылы (Еуро-2020 деп есептелді. Саутгейттің басшылығымен құраманың 102 матчында 61 жеңіс, 24 тең нәтиже және 17 жеңіліс тіркелді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie