locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Эмоциясы қымбатқа түсті: Корреа кешірім сұрағанына қарамастан, бес матчқа шеттетілді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

“Атлетико” шабуылшысы Анхель Корреа “Хетафемен” өткен матчта эмоциясын ұстай алмай, алаңнан қуылғаннан кейін төрешіге ауыр сөздер айтты. Испания футбол федерациясы бұл әрекетті қатаң түрде жазалады.

Тәртіптік комитет аргентиналық футболшыны бес матчқа шеттетті:

• Бір матч – қызыл қағаз үшін,
• Төрт матч – төрешіні балағаттағаны үшін.

Айта кету керек, Корреа одан да ұзақ мерзімге шеттетілуі мүмкін еді. Ережеге сәйкес, мұндай әрекет үшін 12 матчқа дейінгі дисквалификация қарастырылған, бірақ комитет ең төменгі жазаны қолдануды жөн көрді.

Матчтан кейін Корреа әлеуметтік желіде өз әрекеті үшін кешірім сұрады, бірақ бұл оның жазасын жеңілдеткен жоқ. Федерацияның ресми мәлімдемесінде мұндай кешірімдер жазаға әсер етпейді деп атап өтілді.

“Ойыншының әлеуметтік желідегі әрекеті құрметке лайық, алайда бұл кешірім шынайы өкініштің белгісі ретінде қарастырылмайды және жазаға ықпал ете алмайды. Әсіресе, тәртіптік орган бұл жағдайда Кодекстің 99-бабына сәйкес ең төменгі санкцияны қолдану орынды деп тапты”, – делінген ресми хабарламада.

Осылайша, Корреа “Атлетиконың” бес алдағы матчына қатыса алмайды, бұл команда үшін үлкен қиындық тудыруы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie