Барселонаға қарсы екі ойынға да қатыса алмайды. Анхель Корреа 12 матчқа шеттетілуі мүмкін
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Мадридтік “Атлетиконың” жартылай қорғаушысы Анхель Корреа бүгінгі “Хетафеге” (1:2) қарсы ойын соңында алаңнан қуылды. Ал қызыл қағаздан кейін “матрасшылар” бірден 2 гол жіберіп, жеңістен айырылды.
Аргентиналық ойыншы алаңнан қуылғаннан кейін төрешіні дөрекі балағаттады. Матчтың бас төрешісі Куадро Фернандес “Атлетико” ойыншысының сөзін хаттамаға енгізді. Енді футболшы ұлттық турнирлерде 12 ойынға дейін шеттетілуі мүмкін.
- Сондай-ақ оқыңыз: Барселона – Осасуна ойынының жаңа күні қашан белгіленеді?
Осылайша, Анхель Корреаға түсетін ең аз санкция - төрт матч. Яғни, ол Лигада да, Кубокта да “Барселонаға” қарсы екі ойында да алаңға шыға алмайды.