«Елімай» Украина құрамасының экс-қақпашысын жаңа шартпен сақтап қалғысы келеді
Olimpbet Arena мәліметінше, «Елімай» украиналық қақпашы Максим Ковальды командада қалдыруды жоспарлап отыр.
Клуб басшылығы 32 жастағы ойыншыға қазіргі келісімшартындағы қаржылық талаптарды қайта қарау туралы ұсыныс білдірген. Бұл шешім Қазақстанда легионерлерге төлем жасауға қатысты заңнамадағы өзгерістерге байланысты қабылданған.
Соңғы уақытта «Елімайды» Фейсал Мулич, Эдуарду Флореску, Роман Тугарев пен Никита Корзун секілді легионерлер тастап кетті. Оның орнына клуб құрамын жергілікті ойыншылармен толықтыруда – құрамға Ғалымжан Кенжебек, Рамазан Оразов және бұрынғы үміткер Акмал Бахтияров қосылды.
Ал Максим Коваль бұған дейін Киевтің «Динамо», Данияның «Оденсе», Испанияның «Депортиво» және Сауд Арабиясының «Аль-Фатех» клубтарында ойнаған. Украина құрамасы сапында екі матч өткізген, сондай-ақ Евро-2012 турнирінің финалдық кезеңіне қатысқан.
Кенжебек бірнеше клуб арасынан таңдады — ойыншының өкілі «Ақтөбенің» қызығушылығын растады.