locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Эксперимент жасап отыратын уақыт емес». «Актобе» бапкері — «Атыраумен» өткен жеңісті ойын туралы

Левчуктың айтуынша, «Актобеге» өз ойынын ретке келтіру қажет.
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Эксперимент жасап отыратын уақыт емес». «Актобе» бапкері — «Атыраумен» өткен жеңісті ойын туралы
ФОТО: fcaktobe_official

«Ақтөбе» командасының бас жаттықтырушысы Вячеслав Левчук 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының аутсайдері «Атыраумен» өткен жеңісті ойын туралы пікір білдірді.

«Бұл — біз үшін әділ жеңіс деп ойлаймын. Екі гол соқтық — әр таймда бір-бірден. Мұндай нәтижелер көңілімнен шығады: бұл қорғау шебі де, шабуыл да өз міндетін жақсы атқарғанын көрсетеді. Қарсылас әлсіз болды ма, немесе құрам сынақ түрінде жасақталды ма? Мен бұлай деп айтпас едім. «Атырау» қазіргі турнирлік жағдайында уақытша ғана тұр деп санаймын. Мұндай ойын көрсеткен команда премьер-лигада қалатынына сенімдімін. Ал біздің құрамға келсек, бұл сынақ емес. Бізге қазір тәжірибе жасау емес, өз ойынымызды қалыптастыру маңызды. Мүмкін, жанкүйерлер үшін құрам тосынсый болған шығар, бірақ бапкерлер штабы бұл шешімді бір ауыздан қабылдады», — деді Левчук матчтан кейін.

5 шілде күні өткен Қазақстан премьер-лигасының 15-турындағы ойында «Ақтөбе» «Атыраудан» басым түсті. Жайро Жан дубль авторы атанды. Бұл жеңістен кейін ақтөбелік клуб турнир кестесінде үшінші орынға орнықты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie