locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атырау» футбол клубы Ақтөбедегі матчқа автобуспен келгеннен кейін команданың жағдайын көрсетті

Ойынның өзі 2:0 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына аяқталды.
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Атырау» футбол клубы Ақтөбедегі матчқа автобуспен келгеннен кейін команданың жағдайын көрсетті
видеодан скриншот

"Атырау" футбол клубының баспасөз қызметі Премьер-лиганың 15-турындағы "Ақтөбеге" қарсы сырт алаңдағы ойынға келген сәтінен видео жариялады.

Бейнежазбада "Атырау" ойыншылары мен бапкерлер штабы Ақтөбеге жеткені көрсетіледі. Команда ұзақ жолдан кейін шаршап келгені ерекше атап өтілген.

Бұған дейін клубтың баспасөз қызметі рейс тоқтатылғандықтан, команда автобуспен шығуға мәжбүр болғанын хабарлаған еді. "Атырау" клубының бас директоры Дидар Сыдықбек рейстердің тоқтатылуына байланысты команда Ақтөбеге автобуспен баруға мәжбүр болғанын, жол шамамен он сағатқа созылғанын айтты.

Ойын 2:0 есебімен "Ақтөбенің" пайдасына аяқталды. Екі голды Жайро Жан соқты. Осы жеңістен кейін ақтөбеліктер Премьер-лига кестесінде үшінші орынды нығайтты.

Ал "Атырау" әзірге турнир кестесінде соңғы орында қалып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie