locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Екіжүзділік пе? Семенов Әдиевпен арадағы кикілжің жайлы айтты

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Екіжүзділік пе? Семенов Әдиевпен арадағы кикілжің жайлы айтты
ФОТО: Ахмат ФК

«Ахмат» клубының және Ресей құрамасының бұрынғы қорғаушысы Андрей Семенов командадан кетуіне қатысты Магомед Адиевтің сөзіне жауап берді. Бұған дейінгі мәлімдемесінде Адиев футболшының әрекеттері оның болашағына әсер еткенін меңзеген болатын.

Семеновтың айтуынша, олардың арасында ашық жанжал болмаған, алайда түсініспеушілік орын алған.

«Бізде ешқандай қақтығыс болған жоқ. «Краснодармен» ойын қарсаңында менің артқы бұлшық етім ауырып жүрген. Мен жаттықтырушыға барып: «Краснодарға 11 сағат автобуспен бармай-ақ қояйын ба? Сол аралықта жарақатымды емдейін» дедім. Ол: «Жарайды, қарсы емеспін» деп жауап берді. Бірақ кейін бұл жағдайды мен ойыннан бас тартқандай етіп көрсетті», – деді Семёнов «РБ Спорт» басылымына берген сұқбатында.

«Бұл туралы түсіндіруге тырыспадыңыз ба?» деген сұраққа қорғаушы қысқа жауап берді:

«Егер адам сізге бір нәрсені бетіңізге айтып, кейін мүлде басқаша әрекет етсе, не үшін түсіндірейін?»

Магомед Адиев 2024 жылы «Ахматта» небәрі 149 күн жұмыс істеді. Бұған дейін ол Қазақстан құрамасын басқарған. Қазір оның есімі кадрлық және ұйымдастырушылық қиындықтарға тап болған «Атырау» клубымен байланысты айтылып жүр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie