locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Егер Флик қоңырау шалса…». Томас Мюллер «Барселонаға» ауысу мүмкіндігі туралы айтты

Үлкен трансфер орын алуы мүмкін еді
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Егер Флик қоңырау шалса…». Томас Мюллер «Барселонаға» ауысу мүмкіндігі туралы айтты
ФОТО: Getty Images

«Бавария» аңызы, қазіргі таңда АҚШ-тағы «Ванкувер» сапында өнер көрсетіп жүрген Томас Мюллер «Барселонаға» ауысу мүмкіндігін қарастырғанын мойындады.

Неміс футболының аңызға айналған жартылай қорғаушысы «Бавариядан» кеткен соң, егер блауграның бас бапкері Ханси Флик қоңырау шалғанда, «Барселонаға» ауысуға қарсы болмас едім деп ағынан жарылды.

«Мен болашағымды «Барселонамен» байланыстыра аламын. Егер мені жақсы білетін Ханси Флик хабарласып, клуб жобасы ұнаса, ойланар едім. «Барселона» — нағыз топ-клуб, онда сенен не талап етілетінін бәрі анық біледі», — деді Мюллер.

Осы маусымда МЛС-те Мюллер тамаша формада: 13 матчта оның еншісінде 10 гол мен 5 нәтижелі пас бар.

Бұған дейін біз Мюллердің 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде өзін жаңа амплуада сынап көретінін хабарлаған едік.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie