locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дәурен Жұмат: «Оқжетпес» мінезбен ойнайды және еурокубоктарға шыққысы келеді

26 жастағы вингер команда ойын философиясы туралы айтып берді
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Дәурен Жұмат: «Оқжетпес» мінезбен ойнайды және еурокубоктарға шыққысы келеді
ФОТО: Getty Images

«Оқжетпес» футболшысы Дәурен Жұмат 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасындағы команданың қазіргі маусымы жайлы ойларымен бөлісті.

– Маған допты бақылауда ұстап, ойынды өз қарқынымызға салу ұнайды. Әрине, мықты қарсыластарға қарсы матчтарда бейімделіп, қарсы шабуылға иек артуға тура келеді. Дегенмен, біз әр ойында жеңіске жетуді мақсат етеміз. Соның арқасында турнир кестесінің жоғарғы жағында келе жатырмыз. Қазір бесінші орында тұрмыз. Егер барлығы ойдағыдай болса, маусымды сәтті аяқтап, еурокубоктарға жолдама алғымыз келеді, – деді Жұмат KFF League берген сұхбатында.

26 жастағы футболшы «Оқжетпеске» 2023 жылдың жазында алдымен жалға келіп, кейін еркін агент ретінде толықтай қосылған. Биылғы маусымда Жұмат керемет нәтиже көрсетуде – 12 кездесуде 7 гол соқты.

12 турдың қорытындысы бойынша көкшетаулық клуб 20 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында тұр. 21 маусым күні «Оқжетпес» өз алаңында «Ордабасыға» қарсы ойнайды. 13-тур матчы елорда уақытымен 20:30-да басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie