Даурен Жұмат «Оқжетпес» сапындағы 50-ойын өткізді
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: ФК «Окжетпес»
Қазақстандық жартылай қорғаушы Даурен Жұмат Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы сапындағы 50-матчын өткізді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
26 жастағы тараздық футболшы «Оқжетпес» сапындағы дебютін 2023 жылдың 23 шілдесінде Премьер-лигадағы «Тобылға» қарсы ойында (0:2) өткізген.
Содан бері Жұмат клуб үшін 50 ресми ойынға қатысып, 14 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген.
Жеңістен кейін «Оқжетпес» турнирлік кестеде 14 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. Ал «Жетісу» төрт ұпаймен 12-орында қалып, құлдырау аймағынан шыға алмай тұр.
Келесі турда «Оқжетпес» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды, ал «Жетісу» сырт алаңда «Атырауға» қонаққа барады.