locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Динамо» көшбасшысы қашан оралады? Бақтиер Зайнутдиновтың жағдайы белгілі болды

Зайнутдинов «Зенитке» қарсы ойынға оралуы мүмкін
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Динамо ФК

Қазақстан құрамасының және Мәскеудің «Динамо» клубының қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов жарақатынан айығып, алаңға қайта шығуға жақын. Ол «Ахматқа» (2:2) қарсы өткен матчта бұлшық етінен жарақат алып, ойын ортасында алмастырылған еді.

Клубтың медицина штабы хабарлағандай, футболшының жағдайы жақсарып келеді және алдағы Ресей Премьер-лигасының турындағы «Зенитке» қарсы ойында оның алаңға шығу мүмкіндігі бар.

«Ахматпен» болған кездесуден кейін Бақтиердің бұлшық етінде ауырсыну пайда болды, сондықтан ол Ресей кубогындағы «Крылья Советовқа» қарсы ойынға дайындалған жоқ. Қазір барлық қажетті емдік процедуралар жүргізіліп жатыр. Бәрі алдағы екі күнде – бейсенбі мен жұмада белгілі болады. Терапияға қалай әсер ететінін байқаймыз»,- деді «Динамо» дәрігері Александр Родионов.

Айта кетсек, Бақтиер Зайнутдинов 19 қазанда өткен «Ахматқа» қарсы ойында бірінші таймның соңында алаңнан кетуге мәжбүр болған еді.

«Динамоның» келесі кездесуі 26 қазанда Ресей чемпионатының көшбасшысы – Санкт-Петербургтің «Зенитіне» қарсы өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie