РПЛ-дегі қазақша айқас нәтижелі тең есеппен аяқталды
Мәскеудің «Динамо» командасы Ресей Премьер-лигасының 12-турында «Ахматты» қабылдады. Қарсыластар нәтижелі тең есеп — 2:2 көрсетті.
Алғашқы таймда екі команда да бір-бір голдан соқты, ал 88-минутта Эгаш Касинтура грозныйлықтарды алға шығарды.
Кездесудің тағдыры қонақтардың пайдасына шешілетіндей көрінгенде, Константин Тюкавин қосымша уақытта мәскеуліктерге маңызды тең есепті жұлып әперді.
Айта кетейік, бұл ойында екі қазақстандық футболшы бірден алаңға шықты. Мәскеуліктердің бастапқы құрамында қорғаушы Бактиер Зайнутдинов ойынды бастады. Ал «Ахматтың» негізгі құрамында шабуылшы Максим Самородов шықты.
Зайнутдинов үзілісте алмастырылды, Самородов — 75-минутта.
12 турдан кейін екі команда да 16 ұпай жинап отыр.
РПЛ, 12-тур
«Динамо» Мәскеу — Ахмат 2:2
Голдар: Сергеев, 16, Тюкавин, 90+4 — Мелкадзе, 21, Касинтура, 88