ДЕРЕККӨЗ. Тринкау Манчестер клубына ауысуы мүмкін
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
"Манчестер Юнайтед" пен "Манчестер Сити" клубы Франсишку Тринкауға қызығып отыр, деп жазады TBR Football порталы.
"Спортинг" пен 25 жастағы вингер арасындағы келісімшарт 2026 жылы жазда аяқталады.
Айта кетейік, Тринкау Примейраның осы маусымында 25 ойынға қатысып, сегіз гол соғып, он нәтижелі пас берді.
Португалиялық клуб ойыншыны 2023 жылы "Барселона" клубынан 7 млн еуроға сатып алған болатын.
Тринкау "Спортингтан" бөлек "Барселона", "Вулверхэмптон" және "Брага" сынды клубтарда өнер көрсеткен.
Тағы да оқыңыздар: Манчестер Юнайтед Олд Траффордың орнын 100 мың адам сиятын стадионмен айырбастамақшы