locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ДЕРЕККӨЗ. Сүйімбаев Ертіс сапына қосылады

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ДЕРЕККӨЗ. Сүйімбаев Ертіс сапына қосылады
ФОТО: Getty Images

Павлодарлық "Ертіс" қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаевты қатарына қосады, деп хабарлады Aladop.kz.

Соңғы екі маусымды "Ордабасы" сапында өткізген Ғафуржан 2023 жылы шымкенттік командамен бірге Қазақстан чемпионы атанып, негізгі құрамның маңызды ойыншысы болды. Сол қапталда сенімді ойынымен танылған футболшы енді өзінің бұрынғы командаласы Максим Фединнің жолын қуып, "Ертістің" қатарына қосылды.

Әзірге, футболшымен келісімшартқа қол қойылғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Алайда бұл мәселе жақын арада шешілуі мүмкін. Екінші лигада жеңіске жетіп, биыл Премьер-лигаға көтерілуді көздеген павлодарлық клуб үшін Сүйімбаев секілді тәжірибелі ойыншылар жаңа маусымда маңызды рөл атқарады деп күтілуде.

Ақжайық клубы өз жұмысын тоқтатпақ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie