locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ақжайық клубы өз жұмысын тоқтатпақ

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Ақжайық клубы өз жұмысын тоқтатпақ
ФОТО: Getty Images

Оралдық "Ақжайық" футбол клубы 2025 жылдың басынан бастап өз қызметін тоқтатады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Дереккөздің мәліметінше, бұл шешім клуб басшылығы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы өзара келісімге келе алмауынан туындаған. "Ақжайық" директоры Гүлдәрия Кәуиева мен өңір басшылығы командаға бірлесіп қолдау көрсету мәселесінде ортақ мәмілеге келе алмады. Соның салдарынан клуб қаржылық көмексіз қалып, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғалы тұр.

Айта кетсек, бұл облыстағы кәсіби деңгейдегі жалғыз футбол клубы еді. Алайда "Ақжайық" негізінде жаңа команда құру жоспарлануда. Бұрынғы "Батыс" командасының қызметін қайта жаңғырту идеясы талқыланып жатыр.

Керімжанов жақында Шахтер сапын толықтыруы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie