locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ДЕРЕККӨЗ. Месси Барселонаға оралуы мүмкін

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
ДЕРЕККӨЗ. Месси Барселонаға оралуы мүмкін
Фото: gettyimages

Аргентина ұлттық құрамасы мен "Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Месси "Барселонаға" оралады, деп хабарлайды Алекс Кандаль. Ол Мессидің "Интер Майамиге" ауысатынын алғаш болып хабарлаған болатын.

"Месси нақты шешім қабылдады. Ол жаңартылған "Камп Ноуда" өнер көрсеткісі келеді. Оған дейін мансабын аяқтамайды",–дейді журналист Алекс Кандаль.

Ақпарат көзіне сенсек, "Барселона" Леоны қысқа мерзімге қатарына қосуды жоспарлап отыр. Аргентиналық шабуылшы 2025 жылдың жазында каталониялық клубқа қосылуы мүмкін.

37 жастағы шабуылшы жақында ғана басталған МЛС турнирінің алғашқы турында 2 голдық пас берген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie