ДЕРЕККӨЗ. Керімжанов жақында Шахтер сапын толықтыруы мүмкін
Aladop.kz мәліметінше, тәжірибелі қорғаушы Олжас Керімжанов жақын күндері қарағандылық "Шахтер" командасына қосылуы ықтимал. Алматы футбол мектебінің түлегі қазіргі уақытта "кеншілермен" бірге оқу-жаттығу жиынына аттанады.
Өткен маусымда Олжас Керімжанов "Атырау" сапында табысты өнер көрсетті. Премьер-лигада өткізген 23 матчтың 22-сінде негізгі құрамнан орын алды және бір голдың авторы атанды. Жалпы алғанда, Қазақстан премьер-лигасы аясында 147 ойын өткізіп, қарсылас қақпасына 12 гол соққан.
Қорғаушы өзінің спорттық мансабында "Атырау", "Тұран", "Жетісу", "Қайсар", "Қыран" және "Оқжетпес" сияқты командаларда ойнаған. 2019 жылдың 13 қазанында ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізіп, барлығы бес матчта Қазақстан намысын қорғады.
Еске сала кетейік, өткен маусымда "Шахтер" клубы өзінің тарихында алғаш рет Премьер – лиғадағы орнынан айырылды.