ДЕРЕККӨЗ. Харри Кейн жарақат алып қалды
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
"Бавария" шабуылшысы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Селтикке" (1-1) қарсы қарымта матчтың алғашқы таймында балтыр бұлшық етін ауыртып алды. Бұл туралы Фабрицио Романо жазды.
Соған байланысты, бапкерлік штаб тәуекелге бармай екінші таймның басында Кейннің орнына Кингсли Команды шығарған еді.
Ағылшындық футболшы жақын уақыттарда медициналық тексерістен өтеді. Алдағы "Айнтрахтқа" қарсы матчқа қатысу-қатыспауы белгісіз.
- Айта кетейік, екі матч қорытындысы бойынша "Бавария" клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алған болатын.
31 жастағы ағылшындық шабуылшы осы маусымда клуб сапында барлық турнирлерде 31 рет алаңға шығып, 29 гол соғып, 10 голдық пас берген.