Чемпиондар лигасы. Қай қақпашылар осы маусымда ең көп сейв жасады?
Кеше түнде Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қорытынды матчтары өтті. Тартысқа толы өткен матчтарда 8 команда үздік атанып, 1/8 финалға жолдама алды.
Осы маусымда жаңа форматқа сәйкес турнирде ойындарда көбейді. Шабуылшылар қабілеттерін көрсетіп көп гол соғуға ұмтылуда. Бірақ оларға білікті қақпашылар кедергі жасап бағуда.
Осы тұрғыда осы маусымда Чемпиондар лигасында ең көп сейв жасаған қақпашылар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
41 сейв жасаған Каспер Шмейхель ("Селтик") мен Петер Виндаль ("Спарта Прага") көш басында тұр.
Одан кейін 40 сейв жасаған "Бочка Топала" қақпашысы Доминик Такач орналасқан.
- 1. Каспер Шмейхель ("Селтик") – 41 (сейф)
- 1. Петер Виндаль ("Спарта Прага" – 41
- 3. Доминик Такач ("Бочка Топала") – 40
- 4. Дмитро Ризнык ("Шахтёр") – 37
- 5. Майк Меньян ("Милан") – 36
- 6. Тибо Куртуа ("Реал") – 35
- 7. Анатолий Трубин ("Бенфика") – 34.
Ең көп гол жіберген голкипер – Такач ("Бочка Тапало"). 27 гол жіберген. Ал, "Интер" қақпашысы Ян Соммер ең аз гол жіберген. Швейцариялық бар болғаны 1 гол жіберген.