ДЕРЕККӨЗ. 16 жасар Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасына шақырту алды
“Қайрат” клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына Қазақстан ұлттық құрамасының сапына шақырылды. Бұл туралы спорт журналисі әрі ҚФФ баспасөз хатшысы Ермұхаммед Мәулен хабарлады.
Жас шабуылшы жуырда ғана Лондонның “Челси” клубымен келісімшарт жасасқан болатын. Алайда ол осы уақыт ішінде Қазақстан Суперкубогы матчында “Қайрат” сапында дебют жасап, ал ҚПЛ-дің алғашқы турында орталық кездесуге қатысып үлгерді.
Мәуленнің айтуынша, Али Алиев Сәтпаевты ұлттық құраманың алдағы ойындарына шақыратынын мәлімдеді.
“Дастан Сәтпаев бүгін ересектер футболындағы алғашқы голын соқты және енді Қазақстан құрамасында ойнайды”.
ҚПЛ-дің алғашқы турында 16 жастағы шабуылшы “Қайрат” тарихындағы ең жас гол авторы атанып, ойынның үздік ойыншысы болып танылды.
Осы айда Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындарын өткізеді. Дастан Сәтпаевтың дебюті ұлттық құрама сапында осы кездесулерде орын алуы мүмкін.