Дембеле, Мбаппе, Ямаль және басқалар: «Алтын допқа» үміткерлердің финалдық ондығы жарияланды
«Алтын допқа» үміткерлердің орындары жарияланды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
«Алтын доп» иегері атану жолындағы дода қыза түсті. Ұйымдастырушылар 30-дан 11-орынға дейінгі футболшылардың тізімін ресми түрде жариялады. Бұл қатарда Педри, Хвича Кварацхелия, Харри Кейн, Винисиус Жуниор, Роберт Левандовский және Эрлинг Холанд секілді әлемдік жұлдыздар бар.
Осылайша, жанкүйерлер тағатсыздана күткен ең шешуші кезең басталды. Енді тек үздік ондық қалды, олардың арасынан 2025 жылдың басты лауреаты анықталады.
Қалған ондыққа енген футболшылар тізімі:
• Дембеле
• Ламин Ямаль
• Рафинья
• Витинья
• Ашраф Хакими
• Коул Палмер
• Килиан Мбаппе
• Нуно Мендеш
• Мохаммед Салах
• Джанлуиджи Доннарумма
69-шы мәрте өтетін «Алтын доп» марапаты 22 қыркүйекте Париждегі «Шатле» театрында табысталады. Матчқа тікелей көрсетілім.