«Алтын доп» марапатының салтанатты рәсімі. Онлайн көру. Тікелей трансляция
22 қыркүйекте Париждегі «Шатле» театрында спорт әлеміндегі ең беделді марапат – 69-шы «Алтын доп-2025» табысталады.
Салтанатты шараның басталуы – Орталық Еуропа уақыты бойынша 20:00-де, бұл Қазақстан уақытымен 00:00-ге сәйкес келеді.
Ойынның ең жарқын сәттерін live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасынан тамашалаңыз!
Қазақстандық жанкүйерлер үшін салтанатты рәсімнің тікелей көрсетілімі Okko платформасында және ресми L’Equipe YouTube-арнасында қолжетімді болады.
УЕФА мен Groupe Amaury – France Football және L’Équipe иелерінің бірлескен салтанатында үздік футболшы мен футболшыға, үздік бапкерлерге, жас таланттарға, қақпашыларға, сұрмергендерге, үздік клубтарға, сондай-ақ Сократес гуманитарлық сыйлығына марапаттар табысталады.
«Алтын доп-2025» жүлдесіне басты үміткерлер – Францияның «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Усман Дембеле, сондай-ақ Каталониялық «Барселона» көшбасшылары Рафинья мен Ламин Ямаль.