locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Оқжетпес» қонақта Талдықорғаннан үш ұпай еншіледі

«Оқжетпес» қонақта Талдықорғаннан үш ұпай еншіледі
«Оқжетпес» қонақта Талдықорғаннан үш ұпай еншіледі

Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры аясында Көкшетаудың «Оқжетпесі» Талдықорғанда жергілікті «Жетісуды» 3:1 есебімен жеңіп кетті.

Бірінші таймда командалар бір-біріне жылдам голдармен жауап қайырды: 27-минутта Даурен Жұмат қонақтарды алға шығарса, үш минут өткен соң Аслан Ахмедов таразы басын теңестірді – 1:1.

Үзілістен кейін бастаманы «Оқжетпес» толықтай өз қолына алды. 58-минутта Дамир Марат есепті 2:1-ге жеткізсе, 74-минутта Санжар Сатанов шешуші үшінші голды соқты – 1:3.

Бұл жеңістен кейін «Оқжетпес» 14 ұпаймен турнир кестесінің бесінші сатысына көтерілді. Ал «Жетісу» төрт ұпаймен 12-орында қалып, төменгі орындардан шыға алмай келеді.

Келесі турда «Оқжетпес» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды, ал «Жетісу» сырт алаңда «Атырауға» қонаққа барады.

ҚПЛ. 11 мамыр

«Жетісу» – «Оқжетпес» – 1:3

Голдар: Ахмедов, 30 – Жұмат, 27, Марат, 58, Сатанов, 74.

ФОТО: pflkaz Instagrem парақшасы
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie