Даудың ізі көріне бастады. «Ноттингем Форест» «Манчестер Ситиге» қарсы матчтағы төрешінің әрекеттеріне түсініктеме талап етуде
Ағылшын чемпионатының 18-турындағы «Ноттингем Форест» пен «Манчестер Сити» арасындағы матч қонақтардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды, бірақ бәрі де басқаша болар еді, егер төреші Роберт Джонстың шешімдері болмағанда.
Ең даулы сәт — «қалалықтардың» қорғаушысы Рубен Диаш екінші тайстың басында Игор Жезусқа қарсы жасаған фолы үшін екінші сары қағаз алмағаны. Сарапшылар мен «орманшылардың» бас бапкері Шон Дайчтың пікірі бір жерден шығып отыр: португалиялық футболшы алаңнан қуылуы керек болатын.
Енді «Ноттингем Форест» осы шешім бойынша төрешілерден ресми түсініктеме сұрап отыр. Sky Sports хабарлауынша, клуб Джонстың жұмысына қатысты PGMOL-ға ресми шағым жолдап, «Манчестер Ситиге» қарсы матчтағы оның шешімдеріне қосымша түсініктемелер талап етті.
Сонымен қатар, «орманшылар» матчтағы шешуші сәттерде Джонс пен VAR фургоны арасындағы сөйлесудің жазбасын беруді сұрап отыр. Бұл арқылы олар болған жағдайды толық түсінгісі келеді.