«Ман Сити» Шеркидің жеңіс голының арқасында «Ноттингемді» жеңіп, АПЛ көшбасшылығына шықты
«Қалалықтар» «орманшыларды» өз алаңында тізе бүктірді
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images
27 желтоқсанда Англия Премьер-лигасының 18-турында «Ноттингем Форест» пен «Манчестер Сити» өзара кездесті.
Бұл матчта сырт алаңда өнер көрсеткен «қалалықтар» «орманшылардан» басым түсіп, 1:2 есебімен жеңіске жетті.
Омари Хатчинсонның голына «Ман Сити» Тиджани Рейндерс пен Райан Шеркидің дәл соққыларымен жауап берді.
Англия Премьер-лигасы. 18-тур
«Ноттингем Форест» – «Манчестер Сити» – 1:2
Голдар: Хатчинсон, 54 – Рейндерс, 48, Шерки, 83.
«Ман Сити» 40 ұпаймен Англия Премьер-лигасы көшін бастады. Ал «Ноттингем Форест» 18 ұпаймен 17-орында тұр.