Дастан Сәтпаевтың қос голы «Қайратқа» Жезқазғанда сенімді жеңіс әкелді
Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасында жеңіс жолын жалғастырып келеді. 7-тур аясында сырт алаңда «Ұлытаумен» кездескен Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері қарсыласты сенімді түрде ұтып, 4:1 есебімен басым түсті. Матчтың басты қаһарманы - небәрі 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев болды. Жас форвард дубль авторы атанып, ҚПЛ-дегі голдар санын 6-ға жеткізді.
Есеп 31-минутта ашылды - Сәтпаев «Қайратты» алға шығарды. Екінші таймда алматылықтар шабуылын үдете түсті: 48-минутта Мартынович есепті еселесе, 62-де Зария үш доп айырмашылықты орнатты. Ал 68-минутта Сәтпаев дубль жасап, есепті 0:4-ке жеткізді. «Ұлытаудың» жалғыз голын 79-минутта Чалкин соқты.
ҚПЛ.7-тур «Ұлытау» – «Қайрат» – 1:4
Голдар: Чалкин 79 (1:4) — Сәтпаев 31 (0:1), Мартынович 48 (0:2), Зария 62 (0:3), Сәтпаев 68 (0:4)
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 20 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Ал «Ұлытау» небәрі 2 ұпаймен соңғы, 14-орында қалды.
Келесі турда, 9 мамырда, алматылықтар өз алаңында «Женісті» қабылдайды. Ал «Ұлытау» сырт алаңда «Қызылжарға» қонаққа барады.