locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаевтың Челсидегі жалақысы туралы мәліметтер белгілі болды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Дастан Сәтпаевтың Челсидегі жалақысы туралы мәліметтер белгілі болды
ФОТО: KFF

Лондондық “Челси” “Қайраттың” 16 жастағы жартылай қорғаушысы Дастан Сәтпаевты өз қатарына қосты. Келісімшарт құны 4,3 миллион еуроны құрады, бұл Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең қымбат трансфер болып отыр.

Кайрат Боранбаевтың мәліметінше, Сәтпаев бес жылдық келісімшартқа қол қойды, оған қосымша тағы бір маусымға созу мүмкіндігі қарастырылған. Жас ойыншының айлық жалақысы 14 мың фунтты құрайды, оның 12 мыңы ата-анасының шотына аударылып, 22 жасқа толғанда ғана қолжетімді болады.

Трансферге қарамастан, алдағы екі жыл бойы Сәтпаев “Қайрат” сапында өнер көрсетеді. Осы кезеңде “Челси” Қазақстанға арнайы жаттықтырушы жібереді, ол ойыншымен жеке жұмыс істеп, оның дамуын бақылап, болашақта ағылшын клубының талаптарына бейімделуіне көмектеседі.

Сәтпаевтың “Қайраттағы” матчтарға қатысуы “Челси” өкілдерімен келісіліп отырады, ал оның дайындығына қатысты барлық шығындарды лондондық клуб өз мойнына алады.

Бұл трансфер Қазақстан футболы үшін тарихи оқиға болуымен қатар, елдегі жас дарындарға жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін.

“Абдырап жүргендей көрінеді”. Хусанов Арсенал аңызын таңқалдыра алмады

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie