locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

“Абдырап жүргендей көрінеді”. Хусанов Арсенал аңызын таңқалдыра алмады

Футбол
Тимур Салимов
Тимур Салимов
Редактор
“Абдырап жүргендей көрінеді”. Хусанов Арсенал аңызын таңқалдыра алмады
ФОТО: Getty Images

Лондондық “Арсенал” аңызы Пол Мерсон “Манчестер Ситидің” мәселелері туралы айтып, “қалалықтардың” жаңа ойыншысы Абдукодир Хусановтың өзіне әсер қалдырмағанын мәлімдеді.

“Сити матчтардың соңына қарай көп гол жіберіп жүр. Бұл – қартаюдың белгісі, кейбір ойыншылар шаршайды, ал бұл олардың ойынына әсер етеді. Команда ретінде “Сити” енді барлық 90 минут бойы жоғары деңгейде ойнай алатынын мақтанышпен айта алмайды. Бұл футболшылар соңғы бірнеше маусымда тым көп матч өткізді, енді соның салдары байқалып жатыр.

Сондай-ақ мен “Ситидің” қаңтардағы трансферлеріне толық сенімді емеспін. Маған Омар Мармуш ұнайды, бірақ оның Премьер-лигада үздік ойыншыға айналуы үшін біраз уақыт керек деп ойлаймын. Ал Абдукодир Хусанов, шын айтсам, қазір сәл абдырап жүргендей көрінеді”, – деп жазды Мерсон Sportskeeda-дағы өз бағанында.

“Ланстан” ауысқаннан кейін Хусанов “Манчестер Сити” сапында екі матч өткізіп, сол ойындардың бірінде гол соқты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie