«Қайраттың» Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы матчы: онлайн көру. ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
23 қарашадан 24 қарашаға қараған түні алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчын өткізеді. Қазақстандық командаға Польша өкілі «Пяст» қарсылас атанады, кездесу Гливицеде өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Пяст» - «Қайрат» ойыны Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады. Тікелей эфирді SPORT+ телеарнасы көрсетеді.
Румыниялық «Юнайтед Галац» қаржылық қиындықтарға байланысты турнирден шеттетілген соң, алматылықтар негізгі кезең басталмай тұрып-ақ плей-оффқа жолдама алды. Нәтижесінде «Қайрат» алты ұпай жинап, топта екінші орынға тұрақтады. Команда латвиялық «Бейтарды» (5:3) жеңіп, бельгиялық «Андерлехтке» (3:8) жол берді, ал румыниялық клубпен ойында 5:0 есебімен техникалық жеңіске ие болды.
«Пяст» 1/8 финалға В лигасы арқылы өтті. Польша командасы жеті ұпай жинап, өз тобында жеңімпаз атанды. Бұл кезеңде ол босниялық «Бубамараны» (4:2) және әзербайжандық «Аразды» (5:0) ұтып, венгриялық «Уйпештпен» (2:2) тең түсті.
«Қайрат» пен «Пяст» арасындағы қарымта кездесу 4 желтоқсанда Алматыда өтеді.