Магомед Адиев: «Химкиде» әзірге жалақы алмай жұмыс істеп жүрмін – маусымның аяқталуын күтіп отырмын
«Химки» футбол клубының бас бапкері міндетін атқарушы Магомед Адиев қазіргі уақытта клубтан жалақы алмай жұмыс істеп жүргенін айтты.
«Маған әзірге жалақы төленіп жатқан жоқ. Маусым аяқталған соң бәрі шешіледі деп үміттенемін, клуб өз міндетін орындайды деп сенемін», – деді ол «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, 47 жастағы Магомед Адиев 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың сәуіріне дейін Қарағандының «Шахтер» клубын жаттықтырған. Кейін Қазақстан құрамасының тізгінін ұстап, ел тарихында алғаш рет ұлттық құраманы УЕФА Ұлттар лигасының B дивизионына шығарды. Сонымен қатар, команда С дивизионының плей-офф кезеңіне қатысып, Еуро-2024 турниріне жолдама алуға бір қадам жақындады.
Ресейде Адиев бұған дейін «Ахмат», «Анжи», «Чайка» және «Легион-Динамо» командаларында бапкер болған.
2025 жылғы 16 сәуірде ол «Химки» клубының жаңа бас бапкері ретінде таныстырылды. Қазіргі уақытта РПЛ-2024/25 маусымының 29 турынан кейін «Химки» турнирлік кестеде 11-орында, 29 ұпай жинаған.