Чесноков шотландиялық «Хартспен» алдын ала келісімге қол қойды
Қазақстан ұлттық құрамасының және «Тоболдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубымен алдын ала келісімшартқа қол қойды. Алайда оның трансфері келесі жылдың қаңтарына дейін шегерілуі мүмкін. Бұл туралы «Daily Record» хабарлады.
«Ол келісімге қол қойды, бірақ бәрі біздің бақылауымызда емес. Оның командасы маусымның шешуші кезеңінде тұр және дәл қазір оны жоғалтқысы келмейді», – деді «Хартстың» бас бапкері Дерек Макиннес.
Маманның айтуынша, клуб «Тоболмен» келіссөз жүргізіп, футболшыны ертерек алып келуге тырысады. Алайда егер ортақ мәмілеге келе алмаса, онда Чесноков тек қаңтардағы трансфер терезесінде командаға қосылады.
«Мен клубқа оны барынша ерте алып келгім келетінін айттым. Бұл туралы біз Исламмен өткен сәрсенбіде сөйлестік. Егер мүмкіндік болса – өте жақсы, ал болмаса – қаңтарды күтеміз», – деді Макиннес.
Қазақстан құрамасының футболшысы Наурызбек Жагоров «Астананың» назарын аударды.