locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чесноков «Крылья Советовты» емес, «Хартсты» таңдады

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы самаралық клубтың қызығушылығына қарамастан, «Хартспен» келісімге келді
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Чесноковты «Крылья Советов» тізімге қосты, бірақ ол Шотландияны таңдады
ФОТО: Getty Images

Қазақстан құрамасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков ресейлік «Крылья Советов» клубының шорт-листіне енді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Самаралық команданың бас бапкері Магомед Адиев 25 жастағы ойыншыны жеке өзі шақырған.

Алайда Чесноков бұған дейін шотландиялық «Хартс» клубымен алдын ала келісімге келіп қойған. Осылайша, бұрынғы бапкерінің шақыртуына қарамастан, ол Еуропаға бет алды.

Айта кетейік, Ислам ұлттық құрама сапындағы дебютін дәл Адиевтің тұсында, 2023 жылдың қарашасында Сан-Мариноға қарсы матчта (3:1) өткізді. Ол кездесуде дубль авторы атанған.

Футболшының алғашқы клубы — Өскемендегі «Алтай» академиясы. 2021–2022 жылдары Беларусьтің «Белшина» клубында ойнап, кейін «Тоболға» ауысқан. Биылғы маусымда Қостанай командасы сапында 14 матч өткізіп, бес гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Бұған дейін «Крылья Советовтың» Қазақстан құрамасындағы тағы бір ойыншы — Абат Аймбетовке де қызығушылық танытқаны хабарланған.

Абат Айымбетов «Крылья Советов» құрамын толықтырмайды: клуб трансферден бірауыздан бас тартты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie