locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Абат Айымбетов «Крылья Советов» құрамын толықтырмайды: клуб трансферден бірауыздан бас тартты

Қазақстан құрамасының шабуылшысын алу клуб орынсыз шешім деп танылды
Футбол 24 мау 2025 01:33
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Абат Айымбетов «Крылья Советов» құрамын толықтырмайды: клуб трансферден бірауыздан бас тартты
ФОТО: Getty Images

Қазақстан құрамасының 29 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетов самаралық «Крылья Советов» командасына ауыспайтын болды.

Бұл туралы Telegram-дағы «Топи за «Крылья» арнасы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, трансфер идеясына скауттар бөлімі де, клуб басшылығы да, сондай-ақ бас бапкер Магомед Адиев те қарсы болған. Айта кетерлігі, Адиев Айымбетовпен бұрыннан таныс және жылы қарым-қатынаста болса да, ол да шабуылшының команданы күшейте алмайтынын мойындаған.

Жаңа бапкер тағайындалғаннан кейін клуб ішінде алғаш рет барлығы ортақ пікірге келді — тәжірибесіне қарамастан, Айымбетов «Крылья Советов» клубының қазіргі мақсаттарына да, РПЛ деңгейіне де сай емес деп танылды.

Айта кетейік, Айымбетов Түркияның «Адана Демирспор» клубында 37 ойын өткізіп, 6 гол соққан. Самара клубының тізгінін Магомед Адиев 5 маусымда қолына алған болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie