locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Черданцев Массимо Каррераның Қазақстан құрамасын басқаруындағы артықшылықтарын атады

Черданцевтің пікірінше, Каррераның тәжірибесі мен орыс тілін білуі оған Қазақстанда көмектеседі
 Черданцев Массимо Каррераның Қазақстан құрамасын басқаруындағы артықшылықтарын атады
ФОТО: Getty Images

Ресейлік футбол комментаторы Георгий Черданцев Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Мәскеудің «Спартак» клубының бұрынғы бас бапкері Массимо Каррераның Қазақстан құрамасының тізгінін ұстау мүмкіндігі жайлы пікір білдірді.

«Әрине, ұлттық құрамамен жұмыс істеудің өз ерекшелігі бар — ол белгілі бір білім мен тәжірибені талап етеді. Оның үстіне, Қазақстан – Еуропадағы көптеген елдерден алыста орналасқан ерекше мемлекет. Бұл жерде логистика, ұшақ сапарлары күрделі, сондықтан жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін ерекше тәсіл қажет.

Массимо Каррераның ұлттық құрамалармен жұмыс тәжірибесі жоқ — бұл белгілі бір минус. Бірақ, бәрі бір кездері алғаш бастайды ғой. Ең бастысы – оның үлкен ойын тәжірибесіне назар аудару керек. Ол жоғары деңгейде ойнады, еуропалық кубоктарды жеңді, әлемнің ең мықты құрамаларының бірі сапында өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Каррерада тәуелсіз бапкер ретіндегі тәжірибе бар және Ресей чемпионы атағын жеңіп алған. Бұл да оның пайдасына.

Қазақстан халқының басым бөлігі орыс тілінде еркін сөйлейді, ал бұл Каррера үшін қарым-қатынасты жеңілдетіп, бейімделуге көмектеседі. Жалпы, бұл қызықты жоба, ал нәтижеге келсек — оны болжау қиын. Тіпті Карло Анчелоттиді қойсаңыз да, ешкім нақты нәтиже кепіл ете алмайды», — деді Черданцев.

Айта кетсек, 61 жастағы италиялық маман «Спартакпен» бірге Ресей чемпионы және Суперкубок иегері атанған. Сондай-ақ ол Антонио Контенің көмекшісі ретінде «Ювентуста» және Италия құрамасында жұмыс істеген.

Каррераның соңғы клубы — «Асколи», ол бұл команданы өткен жылдың күзіне дейін жаттықтырған.

Күтіліп отырғандай, Массимо Каррера Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне Әли Әлиевтің орнына келеді. Әлиев Бельгиядан 6:0 есебімен жеңіліп, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде сәтсіз нәтиже көрсеткеннен кейін отставкаға кеткен болатын.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы анықталды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie