Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы анықталды
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы кім болатыны белгілі болды – бұл бұрын ұлттық команданы басқарған жергілікті маман.
«Талғат Байсуфинов – Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы», - деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Талғат Маруанович Лихтенштейнмен (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына ұлттық құраманы дайындап жатыр.
Байсуфинов бұған дейін ұлттық құраманы екі рет басқарған – 2016-2017 және 2020-2022 жылдары.
Қазіргі уақытта ол Қазақстан жастар құрамасының (U21) жаттықтырушыларына тәлімгерлік етеді.
Сондай-ақ ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкері қызметіне үміткерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Үміткерлер қатарында үш шетелдік маман бар.