Черчесовтың бұрынғы көмекшісі Бірінші лига клубының тізгінін ұстауы мүмкін
Константин Горовенко Бірінші лигадағы клубтардың бірін басқаруы мүмкін, деп Sports24.kz хабарлайды.
Сәуір айында ол өз еркімен «Атырау» клубынан кеткен болатын.
Қазақстан құрамасында Станислав Черчесовтың көмекшісі болған және «мұнайшылардың» бұрынғы бас бапкеріне екінші деңгейлі дивизионның бір командасы қызығушылық танытуда. Алайда, бұған дейінгі ақпараттарға қарамастан, Горовенко «Ұлытау» клубына тағайындалуға жақын емес – тараптар тек өзара талаптар мен шарттармен танысқан.
Сонымен қатар, Премьер-лиганың 10-турында «Ордабасыны» 1:0 есебімен жеңгеннен кейін, Жезқазғандық клубтың қазіргі бас бапкері Иван Азовскийдің позициясы нығая түсті. Қазіргі уақытта команда турнир кестесінде 13-орында тұр.
Бұған дейін журналист Ермұхамед Мәулен Горовенконың «Ұлытаумен» келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.
Сондай-ақ, телеграмдағы «Гол Емес» арнасы Горовенкоға «Ертіс» тарапынан да қызығушылық бар екенін жазған.