locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Черчесов Хусанов жайлы: \"Белоруссия чемпионатының қарапайым клубынан Манчестер Ситиге ауысу – үлкен еңбектің нәтижесі\"

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Черчесов Хусанов жайлы: "Белоруссия чемпионатының қарапайым клубынан Манчестер Ситиге ауысу – үлкен еңбектің нәтижесі"
ФОТО: Getty images

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Өзбекстан құрамасының қорғаушысы әрі “Ланс” клубының ойыншысы Абдукодир Хусановтың ағылшынның әйгілі “Манчестер Сити” командасына ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

“Хусановты бәрі қазір ғана байқай бастады, себебі оның трансфері миллиондаған еуроға бағаланып отыр. Бірақ мұндай талантты көру үшін үлкен маман болудың қажеті жоқ, тек ақшаның болуы жеткілікті. Алан Агузаров бұл ойыншыны маған ол әлі Беларусьте ойнап жүрген кезінде көрсетті. Әрине, оның үлкен болашаққа ие екенін бірден байқадым. Белоруссия чемпионатының қарапайым клубынан ‘Манчестер Ситиге’ ауысу – үлкен еңбектің нәтижесі”, – деп пікір білдірді Черчесов “Спартак Шоу” YouTube арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Абдукодир Хусанов “Ланс” клубына Беларусь Премьер-Лигасының “Энергетик-БГУ” командасынан ауысып келген. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін “Манчестер Сити” клубының “Ланспен” Хусановтың трансфері жөнінде келісімге келгені хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie