Манчестер Сити Хусановты €50 млн ға алуға жақын
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
"Манчестер Сити" 20 жастағы Өзбекстан құрамасы мен "Ланс" клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанованы сатып алуға жақындап қалды, деп хабарлайды Sky Sport Germany журналисті Патрик Бергер Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter).
Ақпарат көзінің мәліметі бойынша, ағылшын клубы француздық клубқа €50 млн көлемінде ұсыныс жасаған, оның ішінде бонустар да бар. Өз кезегінде Хусанов "Манчестер Сити"-ге өтуге асығады және клуб оған ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынуда.
Хусанов 2023 жылдан бастап "Ланс" сапында ойнайды. Оның клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін күшінде. Биылғы маусымда Хусанов барлық турнирлерде 16 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Кварацхелияны Рэшфордқа айырбастау: Манчестер Юнайтед жоспары.